Санатталмаған

СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Облыстық физиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған.

Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ауруханаға түскен науқастар да бірден коронавирус инфекциясына тексеруден өткізілуде. Зертхана мамандары бұл әдісті жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетінмедициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда.

Туберкулез ауруына шалдыққан науқастар емделетін бұл ауруханада алдағы уақытта сондай-ақ 16 төсек орынға арналған пульмонологиялық бөлімше ашу жоспарлануда. Айта кетерлегі, емдеу мемесінде «Дезинфекциялау өткелі» орнатылған және күнделікті науқастар мен барлық қызметкерлердің дене қызуы тексеріліп отырады. Дәрігерлер тіпті онлайн режимде де диагностикалық кеңес беруді қолға алған.

Бұл Түркістан облысында ашылған үшінші вирусологиялық зертхана болып отыр. Зертханалар қауіпті індет вирусын анықтауға қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар, қызметкерлердің жеке қорғаныш киімдері және залалсыздандыру мақсатында қолданылатын антисептиктермен толық қамтамасыз етілген.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру