Санатталмаған

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН 114 НАУҚАС ЖАЗЫЛДЫ

13 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 2 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Атакент кентінің 1992 жылғы тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі. 26-шы сәуір күні Қазан қаласынан оралған. Айтуынша, Қазан қаласынан Атакентке дейін жалғыз өзі келген. Дәл сол күні дереу Атакенттегі обсервациялық орталыққа жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 инфекциясына шалдыққанын анықтаған. Науқас шұғыл түрде Жетісай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі аптадан астам уақыт ем қабылдаған. Бүгін сауығып, үйіне оралды.

Коронавирус инфекциясынан жазылған келесі азамат Мақтаарал ауданы, Мырзакент елді мекенінің 1995 жылғы тұрғыны. Ол 25-ші сәуір күні Атырау – Шымкент бағытындағы ұшақпен келген. Әуежайдан медициналық жедел жәрдем көлігімен тікелей Атакенттегі обсервациялық орталыққа жеткізілген. Сынама қорытындысы Covid-19 инфекциясын жұқтырғанын растап, Жетісай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 13 мамырдағы талдама қорытындысы теріс нәтижесін көрсетіп, індеттен жазылған азамат ауруханадан шығарылды.

Жалпы Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясынан жазылған азаматтар саны 114-ке жетті.

 #AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру