Санатталмаған

БАЙБЕК ФИРДАУСИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты эвакуацияланған Фирдауси ауылының тұрғындары уақытша қоныстанған эвакуациялық пункттің жайымен «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек танысып, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның төтенше жағдайдағы қызметін айта кетіп, тұрғындардың мәселесін тыңдады, деп жазады келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Аталған эвакуациялық пункттегі жұмыстарды ұйымдастыруға Келес ауданы әкімдігі жауапты болып бекітілген. Атқарылып жатқан жұмыстармен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев таныстырып, барлық қажетті заттар және азық-түлікпен толықтай қамтылғанын мәлімдеді.

Келес ауданы жауапты болып бекітілген 4 эвакуациялық пунктте 1500 аса фирдаусилық тұрғындар уақытша қоныстанған. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындар тиісті көмек алу үшін құжаттандыру жұмыстары аяқталуға таяу. Апаттан зардап шеккен тұрғындардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар, іскерлік топ өкілдері зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсетеді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру