Санатталмаған

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН КОРОНАВИРУС ТАБЫЛДЫ

Түркістан қаласында 1990 жылғы азаматтың COVID-19 инфекциясын жұқтыру жайты расталды, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Қала тұрғыны жұмыс бабымен 10 сәуір күні Жетісай қаласына барып, 11 сәуір күні таңертең Түркістанға қайта оралған. Жанында тек жүргізуші болған. Қалаға кіреберісте екеуінің де денсаулық көрсеткіштері нормаға сай болып, тіркеуге алынған.

Сенбі, жексенбі күндері өз үйінде болған. Дүйсенбі дене қызуы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Науқастан ертеректе алынған анализ бүгінде коронавирус індетін жұқтырғанын растады. Науқас Кентау қалалық ауруханасында оқшауланып, тиісті ем алуда. Денсаулық көрсеткіштері бірқалыпты.

Бірге тұратын екі тұрғыннан, жүргізушіден анализ алынып, олар да оқшауланды. Бұл кісілер байланыста болған басқа азаматтар анықталып, тексеру жұмыстары атқарылуда. Тұрғын үй аумағы және байланыста болған адамдар болған жерлерде күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары атқарылып, оқшауланды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру