Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: АУЛАСЫНА ЕСІРТКІ ЕККЕН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай ауданында бір азамат есірткі затын үйінде өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түсірген.

Осы бойынша Жетісай АПБ-не аталған қылмысты ашуға тапсырма берілді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК 300-бабы «құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді.

«Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның және Жетісай АПБ қызметкерлері бірлесіп күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғынның шынында, заңсыз өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар сора өсімдіктерін ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Яғни күдікті азаматтың үйін тінту кезінде, ауыл тұрғынының ауласынан күтіп-бапталған, есірткі егілген орын табылды. Айғақты зат ретінде 60-тан астам түп «Сора» өсімдігі тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес алынған түптер «марихуана» болып шықты. Салмағы 70 граммға жуық» – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тергеу барысында ауласына есірткі еккен тұрғын бұрында есірткі сақтағаны үшін сотты болғаны анықталды. Ол өз жауабында, бұл өсіруге тыйым салынған өсімдікті өзі қолдану үшін өсіргенін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру