Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: Кәмелетке толмаған қызды сатқан күдікті ұсталды

AzatMedia.kz.
13.04.2020 жылы Түркістан облысы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасына бір әйел кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сататыны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігі «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам АПБ-ның қызметкерлері Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. Кәмелет жасына толмаған қызда мегаполистің тұрғыны, оқу орындардың бірінің студенті болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің бұрын осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғанын анықтады. Жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен кәмелетке толмаған қыздың суретін көрсетіп отырған. Оны пәк, таза деп сылтауратып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және Жеңгетайлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы ПД-нің полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру