Санатталмаған

МОБИЛЬДІК ТОП ПРЕПАРАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТУ МЕН ӨТКІЗУДІҢ ДЕРЕГІН АНЫҚТАДЫ

Шымкентте медициналық преапараттарды заңсыз саудалаған 11 дерек анықталды. Бұл жөнінде Шымкент қалалық Прокуратура өкілдері мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменттері және прокуратура қызметкерлері қатарынан мобильдік топ құрып, дәрілік препараттарды заңсыз алып сату, жоғары бағада өткізу деректеріне шара қолдануда.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен мобильдік топ азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 11 дерегін және дәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 дерегін анықтады.

Оның ішінде 14 дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік) тіркеліп, тергеп тексеру жүргізілуде.
Жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнан шығарылды.
Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылуда.
Бүгін қала прокурорының төрағалығында дәрілік препараттарды заңсыз өткізу мәселелеріне қатысты мәжіліс өткізіліп, мобильдік топтың жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру