Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 65 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданында тозығы жеткен 57 аула абаттандырылып, заманауи үлгідегі балалар алаңшалары мен жаттығу тренажерлары орнатылып жатыр.

Бұл жұмыстарды «БАЙ-БОЛАШАҚ» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізуде. Сонымен қатар ауданда жергілікті бюджет есебінен тағы 8 аула абаттандырылып отыр.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін шағын аудандағы құрылысы жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексеріп, жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар аулаларының абаттандырылып, балалар алаңшаларының бой көтеріп жатқанына ризашылығын білдірді.

Измир көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің абаттандыру жұмыстарымен танысқан қала басшысы, аудан әкіміне абаттандыру жұмыстарының жобасына автотұрақ кеңістігін кеңейту жайын қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, қала басшысы құрылысты қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбай және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ете отырып жүргізу қажет екенін айта өтті.

Қазірде аудан аумағындағы Нұрсәт ш/а, Тұран ш/а, Мирас ш/а, Достық т/а, Қайнарбұлақ т/а, Қайнарбұлақ саяжайында жаңадан 10 ашық спорт алаңшалары орнатылып жатыр. Ондағы құрылыс жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес «Алем Строй-1» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру