Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ПНЕВМОНИЯМЕН КҮРЕСТЕ ЭКМО АППАРАТЫ ҚОЛДАНЫЛУДА

Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықта пневмонияға шалдығып, денсаулығы күрт төмендеген науқастарды экстракорпоральді мембраналы оксигенациялық (ЭКМО) аппаратына қосып емдеп отыр. Мамандар бұл құрылғыны ИВЛ аппаратына қосымша көмек ретінде науқастарға қосуда.

– ЭКМО аппараты – өкпе қабынып жұмысы қатты нашарлаған кезде қанды оттегімен қамтамасыз етеді. Яғни, адамның күре тамырларынан арнайы түтікшелер арқылы аппаратқа қосып, ЭКМО-ға құйылған қанға қажетті деңгейде оттегі беріледі. Сосын қайта адам ағзасына жіберіледі. Осының арқасында қан айналымы жақсарады. Аталған құрылғы науқасқа дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев.

Қалалық кардиологиялық орталық жанынан ашылған ЭКМО орталығына шаһардың өзге ауруханаларынан денсаулығы күрт нашарлаған науқастар жеткізіледі. Олар да осы тәсілмен емделуде екен. Күні бүгінге дейін бұл аппаратқа 5 науқас қосылыпты. Қазір бір науқастың денсаулығы жақсарған. Дәрігерлер енді бір жетіде үйіне қайтаруды жоспарлап отыр.

Пневмонияның ел арасында кеңінен таралуына орай ЭКМО орталығында 35 төсек-орын дайындалған. Қазір онда науқастар ем алып жатыр.
.
Айта кетейік, жүйелі жұмыстың арқасында күні бүгінге дейін қалалық кардиологиялық орталықтың бірде-бір қызметкері жаман індетті жұқтырмаған.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру