Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АШЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен жергілікті «Ontustik» телеарнасында «Шымкент-адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасы ашылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.
Алғашқы эфир Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Кенжебековамен, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі А.Әссанди және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбармен ұйымдастырылды.

Эфир тақырыбы мегаполистегі дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарған жұмыстарға бағытталды.
Айта кетейік, бағдарлама аясында өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілер мекеме жұмысы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстары бойынша сұхбат беретін болады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама қоғам белсенділерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында пікір алмасу алаңы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы телевизиялық бағдарлама Шымкент қаласында алғаш рет ашылып отыр.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру