Санатталмаған

КЕЛЕС:  БІРЛІКТЕ  АМБУЛАТОРИЯ САЛУҒА ЖЕР БӨЛІНДІ

 

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі көлемінде 15 орынға арналған ауылдық аурухана және  2 емхана, сонымен қатар бір ФАП халық денсаулығын сақтау үшін қызмет етеді. Тиісінше, ауылдық округ бойынша емдеу мекемелерінде  3  жоғары білімді дәрігер маман мен  31  медбике жұмыс істейді. Оның ішінде 11 жоғары санатты, 1 бірінші санатты медицина маманы бар.

Сондай-ақ, Бірлік ауылында жаңа амбулатория құрылысын жүргізу үшін жер бөлініп,  мемлекеттік актісі жасалған. Аталған нысанға тапсырыс беруші «Келес аудандық емханасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны жаңа ғимараттығ жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Тағы айта кетерлігі, округ құрамындағы Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы  ішкі жүйелерінің жобасына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынған және  бюджеттік өтінімге ұсынылған.

Қазіргі таңда Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін алдымен газ жеткізуші құбырының ЖСҚ құжаттары дайындалып, сараптамаға тапсыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру