Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: 1430 MEDICAL SERVICE МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарға онлайн түрде медициналық қызмет көрететін 1430 Medical service сервисі іске қосылды. Аталған онлайн плотформа арқылы дәрігерлер науқастарға бейнебайланыс арқылы консултация бере алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп, науқастардың дәрігерден көбірек кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мауленқұлов мәлімдеді.

Медициналық қызметті онлайн алу үшін әуелі «1430.kz» порталына тіркелу қажет. Азамат өзіне қажет дәрігерді таңдап, онлайн түрде консультацияға жазылады. Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің сөзінше қазіргі таңда аталған платформаға 70-ке жуық дәрігер тіркелген.

–Портал арқылы консултацияға жазылған науқас жөнінде хабарлама бірден дәрігерге келіп түседі. Онлайн хабарламаны алған сәттен бастап науқастардың талдау нәтижелерімен танысып, бейнебайланысқа шығады. Қызметтің бұл түрін қолдану үшін компютер немесе смартфон болса жеткілікті. Жоспарға сәйкес аталған бағдарлама бүгіннен бастап қолданысқа енді. Алдағы уақытта қаладағы бүкіл дәрігерлерді осы порталға тіркеуді жоспарлап отырмыз, – деді Жақсылық Оразбайұлы.

Айта кетейік, казіргі таңда медициналық қызметтің мұндай түрі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қосылып, нәтиежелі жұмыс істеп келеді.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру