Санатталмаған

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАНДАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысы Келес аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына 2020 жылдың алғашқы бес айында Бірлік ауылдық округінен атаулы әлеуметтік көмек алуға 343 отбасы өтініш білдіріп, оның ішінде 284-іне шартты, екеуіне шартсыз АӘК тағайындалған және 57 отбасының өтінішіне жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан. Тағы бір айта кетерлігі – ауылдық округтегі АӘК алушылардың барлығы қазақ ұлтының өкілдері және ешқайсысы сотты болмаған. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын көп балалы аналар саны – 158.

Сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың бір жүз тоқсан тоғызы тұрақты жұмыспен қамтылған болса, 2 адам өзінің жеке кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетіп отыр. Атап айтар болсақ, мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, жұмыспен қамтылған тұрғындар округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтары, түрлі кәсіпорындар, жергілікті басқару мекемелері, білім беру мекемесі және мәдениет үйі секілді жерлерде қызмет атқарып жатыр.

Айта кетерлігі, Бірлік ауылдық округі бойынша 128 жас отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру