Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛЫП, СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Биыл Шымкент қаласында 305 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ойын және спорт алаңшалары жаңартылады. Оған республикалық және жергілікті қазынадан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Бүгінде 232 аулада абаттандыру жұмыстары басталған.
Аталған құрылыстың сапасын тексеріп, қаржының тиімді игерілуін бақылау мақсатында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданындағы атқарылып жатқан абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қала әкімі Республика даңғылының бойында орналасқан 43 а, 19, 19а, 19б, 45, 41а көпқабатты үйлердің ауласында болып, ондағы құрылыс жұмыстарын көрді. Ойын және спорт алаңшаларындағы жөндеу жұмыстарының сапасын қарады.

Аталған құрылысқа жауапты мердігерлер жұмысты толығымен тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.
Бірқатар ауланы аралаған әкім, мердігерлерге жұмысшылар арасында санитарлық нормалардың сақталуын және олардың жалақысын уақтылы берілуін жүктеді. Сондай-ақ, жұмыстың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын айтты.

Аралау барысында Мұрат Әйтенов сейсмикалық апатты деп танылған Асқаров көшесіндегі №9а көпқабатты тұрғын үйде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарын көрді. Аталған тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарлауда.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру