Санатталмаған

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА ЖАСАҒАН КҮРДЕЛІ ОТАСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады.

Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды, дейді мамандар. Оны ақ халаттылар бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасап, шақалақтың өміріне келген қауіптің алдын алды. Ота 3 сағатқа созылды және сәтті өтті дейді мамандар. Жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасаған дәрігерлер – Абдықадыров Мұхтар және Тансық Орынбасарұлы.

Айта кетейік, қалалық клиникалық балалар ауруханасында 5 төсек-орынға лайықталған нейрохирургиялық бөлімше биылғы ақпан айында ашылған болатын. Жыл басынан бері мұнда неврологиялық жүйесінің туа бітті ақауымен дүниеге келген 5 нәрестеге сәтті ота жасалып, барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру