Санатталмаған

БАҒАНЫ КӨТЕРГЕН ДӘРІХАНАЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БОЛАДЫ!

AzatMedia. Бүгінде елімізде кең етек жайған қауіпті індеттің салдарынан ел аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректері орын алуда. Осы ретте аудан аумағындағы барлық дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігі жаңынан арнайы жұмысшы штаб құрылып, мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Аралау барысында қазіргі таңдағы сұранысқа ие жетіспей жатқан дәрі-дәрмектердің тізімі жасақталды.

Сондай-ақ, барлық дәріханалар мен жергілікті әкімдік арасында және көтерме бағада дәрі-дәрмек алатын жермен үш жақты келісім-шарт түзіледі. Келісім-шартқа сәйкес барлық дәріханалар дәрі атауы және бағасы көрсетілген парақшаларды тұрғындарға көрінетін дәріхана кіреберісіне іліп, көрсетілген бағамен ғана дәрі-дәрмекті сататын болады. Егерде дәрі бағасы көрсетілген шектен қымбат сатылатын болса дәріхана иесіне жаза қолданылады.
Бұл бағыттағы мониторинг жұмыстары күнделікті үздіксіз жүргізілетін болады.

Айта кетерлік, алдағы уақытта аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен жетіспей жатқан дәрі-дәрмектер барлық дәріханаларға жеткізілетін болады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру