Санатталмаған

ШЫМКЕНТКЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ

AzatMedia. Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті.
Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді.

Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: «Левофлоксацин», «Цефтриаксон», «Дексеметазон», «Аскорбин қышқылы» және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі әкелінді.

Аталмыш жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,ел халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр.

Дәріханаларға келіп түскен дене қызуын төмендететін және вирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге арналған.

Шымкентке Өзбекстан Республикасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Сонымен қатар, «Ақниет» компаниясы дәрі-дәрмектің – 14 түрін, «Зерде» – 10, «Аптека-5»- 8, «Қойбағаров» ЖК – 9, «Отау Мед» – 23 түрін жеткізді.

Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірі дәріханаларына толық жеткізілді. Бүгінгі таңда, дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстар тұрақты тұрақты жүргізілуде.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру