Санатталмаған

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

AzatMedia. Шымкентте COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан ERG құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда. Сала мамандары жылыту маусымын аяқтай салысымен бірден қысқы маусымға дайындығын бастап кетті. Биыл қондырғыларды күрделі жөндеуге 825,53 млн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған.

– Орталықта қондырғыларды жаңартуға, қазандықтар мен турбиналарды ақаусыз техникалық күйде ұстауға күш жұмсадық. Мақсатымыз – Шымкентті жылу және электр энергиясымен сенімді және сапалы түрде қамтамасыз ету. Күрделі жөндеуге 825,53 млн теңге, ал ағымдағы жөндеулерге 250 млн теңге инвестицияланады, – дейді «3-Энергоорталық» АҚ Бас директоры Қайрош Оңғарбаев.

Станцияда қажетті сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталған. Жөндеу жұмыстарына және қажетті материалдарды жеткізуге қатысты келісімшарттар түзілген.

Бүгінгі таңда, мердігер компания №1 қазандыққа, химиялық цехтағы тұзсыздандыралған және жартылай тұзсыздандырылған бакқа, сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық орындарға күрделі жөндеу жүргізуде.

«3-Энергоорталық» АҚ баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру