Санатталмаған

ШАЛҒАЙДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

AzatMedia. Шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын басты назарға қойған Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы бойынша 53 шағын аудан шалғайда орналасқан. Бүгінде бұл аймақтарда инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Мәселен, Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағын аудандарын сапалы ауызсумен қамту бойынша бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда.

Жыл соңына дейін Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ, Абдулабад, Өтеміс, Базарқақпа шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар ауызсуға қол жеткізеді.

Бұдан бөлек, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшының міндетін атқарушы Нұрлан Жаманкөз 2025 жылға дейін шаһардағы 41 шағын ауданға сапалы электр қуаты тартылатынын жеткізді. «Биыл 12 нысанға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл соңына дейін 7 нысанның құрылысы аяқталып, 14 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады» – деді ол.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру