Санатталмаған

КАРАНТИНДЕ ТОЙХАНА ҚЫЗМЕТІНЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

AzatMedia. Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев, Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаевтың қатысуымен өткен жиында тойхана, мейрамханалардың мәселесі талқыланды.

– Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан карантиндік режим аяқталғанша тойханалардың қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Егер 22 маусымнан кейін санитарлық –  эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, тойханаларды ашуға байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз, -деді қала әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы.

Айта кету керек, Шымкентте сыйымдылығы 250 адамнан асатын 100-ге жуық тойхана бар. Төтенше жағдай енгізілгенге дейін әр тойханада айына орта есеппен 15 тойдан өткізіліп келген. Жалпы бұл салада 6 мыңнан астам адам жұмыс істесе, 500-ден астам кішігірім бизнес ұйымдары осы салада қызмет көрсетеді.

Бүгінде тойхана есебінен жан баққан азаматтардың 90 пайызы жұмыссыз қалып отыр.

@ Ануар Жумашбаев 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру