Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елдімекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елдімекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.
Сондай-ақ, Достық елдімекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жалпы 3 арнайы техника, 20 қызметкер жұмылдырылып, бірқатар жұмыстар атқарылған.
Ал, Келес ауданына бекітілген Фирдауси елдімекенінде 170 -тен аса үй арнайы сараптамадан өтіп, бұзу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аталған елдімекендегі Нұрдала көшесінде 14 үй бұзылып, 4 үйдің алаңы тазартылған. Әр үйден шығып жатқан қоқыстың басым бөлігі балшық саз болғандықтан, орта есеппен тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда.
Фирдауси елдімекеніндегі жалпы 2377 азаматтың 1500-нан астамы Келес ауданына бекітілген 4 эвакуациялық пунктке жайғасқан. Қалғаны туған туысқандарының үйінде.
Дәл осындай жұмыстар Өргебас пен Жеңіс ауылдарында да жалғасуда. Бұл аймақтардағы тазалық жұмыстарын Жетісай мен Шардара аудандары жүргізуде.
©Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру