Санатталмаған

ТҮЛЕКТЕР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

AzatMedia.kz Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.

Баспаналы болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдығын өткізген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы жалдамалы пәтерде тұрып келген отбасы, отағасының бірінші топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күн көріп отыр.

Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, жазушы, журналист, қоғам қайраткері М.Байғұт және аудандық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы Қ.Анашев бастаған Абай мектебінің 56 жыл бұрынғы түлектері мен ауданның бас имамы М.Серік арнайы қатысып, Хажібековтер отбасын жаңа қонысымен құттықтады. Шара соңында дәстүрге сай 2000 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын 2001 жылғы түлектерге өткізді.

Мұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Соңғы екі жыл қатарынан дәл осы Абай мектеп-лицейінің 1998 және 1999 жылғы түлектері – көпбалалы мұқтаж екі жалғыз басты анаға аудан орталығынан үй сыйға тартқан болатын.
Айта кетерлігі, Түлкібас ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы бойынша 93 аса мұқтаж отбасыға аудан әкімдігі және демеушілер тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп келеді. Бүгінгі таңда жоба аясында баспанаға мұқтаж екі отбасы жомарт жандардың демеушілігімен баспаналы болып отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру