Санатталмаған

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ

«2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары немесе Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады. Түркістан облысында кезекке тіркелген азаматтардың үлесіне 400-ден астам пәтер бөлінген.

Тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісім шартқа отырулары тиіс. Банк 10 миллион теңгеге дейін несие береді. Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 2%, бастапқы жарна -10%, несие 20 жылға дейін беріледі.

www.hcsbk.kz сайты арқылы не кез-келген ұялы телефоннан 300 (Қазақстан бойынша тегін) нөміріне хабарласып кеңес алуға болады.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру