Санатталмаған

ТӨЛЕБИДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

AzatMedia.kz. Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілiп жатыр. Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жалғасуда. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды. Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматар үш мезгіл тамақпен қамтылып, оларға барлық қажетті жағдай жасалынуда. Сондай-ақ, ол зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынатындығын айтты.

Баспаналарды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн. теңге бағытталмақ. Төлеби ауданы әкімдігі жалпы құрылыс жұмыстарын 1.5 – 2 ай көлемі ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру