Санатталмаған

ТҮЛКІБАСТА АЛМА ЕГУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛАР АРТУДА

AzatMedia. Бүгінгі таңда Түркістан өңіріндегі алманың отаны саналатын Түлкібас ауданында қарапайым тұрғындар тарапынан алма бау егуге қызығушылық танытқандар қатары артып келеді. Солардың бірі – «Нұрбақыт» шаруа қожалығы. Былтыр алма бау егуді бастаған қожалық төрағасы Талғат Өтеев бүгінгі таңда бау көлемін 14 гектарға жеткізіп отыр. 2019 жылы өз қаржысына 2 гектар жерге алма бау егіп бастаған шаруа, биыл мемлекет тарапынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 11 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, алма бау көлемін12 гектарға ұлғайтып отыр.

«Бүгінгі таңда өз жеке кәсібін бастаймын деген адамға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалынған. Жылдың басында аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығына алма бау көлемін ұлғайту мақсатында «Жеңілдетілген несиені қалай алуға болады?»,-деген сұрақпен жүгінген болатынмын. Сол жердегі мамандар тез әрі нақты қандай құжат жинау қажет екенін түсіндіріп қолдау білдірді», – дейді қожалық төрағасы Талғат Өтеев .

Биылғы егілген 12 гектар бауға алманың «Голден Делишес» және «Старклимсон» сорттары отырғызылыпты. Сондай-ақ, мұнда тамшылатып суғару жүйесі енгізілген. Алдағы уақытта шаруа қожалық төрағасы осымен тоқтап қалмай, алма бау көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру