Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ БІРАЗ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

AzatMedia.kz. Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары карантинге байланысты тоқтап қалған жоқ. Барлық сақтық шараларын орындай отырып, құрылыс компаниялары өз жұмыстарын мерзіміне сай жүргізуде.

Шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы 256 объектіде құрылыс-жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 26,9 млрд. теңге қаралды. Бұл 417,3 шақырым жол мен 7 көпір, 2 өткел, 1 оңға шығу және 1 жол өткелін қамтып отыр. Нәтижесінде жыл соңына дейін 240 нысанды, яғни, 314,7 шақырым жол мен 6 көпір, 1 жол өткелін пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында 3119 адам жұмысқа орналастырылады, оның 1621-і жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Қаладағы ең маңызды құрылысы жүріп жатқан көшелердің бірі Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі. Республика даңғылының жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым, ені – 2х14м болса, нысанның жалпы сомасы – 2 394,0 млн.теңгені құрайды. Ал, Т.Рысқұлов көшесінің жалпы ұзындығы – 4,2 шақырым, ені – 2х7м. Құрылыс жұмыстары А.Байтұрсынов пен Әл-Фараби көшесі аралығында жүргізілмек.

Бұдан бөлек, Бадам өзені үстінен өтетін өткел Д.Қонаев даңғылымен жалғасады. 99 метрлік нысан мамыр айының аяғына дейін тапсырылады деп күтілеуде.
Жалпы Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 297 606 шақырымды құраса, оның 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру