Санатталмаған

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН-АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті. Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, су тасуы мүмкін деп айтылған Шардара су қоймасынан келетін ешқандай қауіп жоқ. Қазіргі сәтте Мақтаарал және Жетісай ауданында жалпы көлемі – 7649 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Осыған байланысты геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді Е. Нысанбаев.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығына келтірілген шығындар толықтай есептелуде.Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Н. Бадырақовтың айтуынша егіншілер жылдың екінші жартысында да дақылдарын қайта өсіру мүмкін емес дейді.Егін шаруашылығымен күн көріп отырған кәсіпкерлердің жалпы шығыны 3 млрдқа жуық. Өтемақы мәселесі үкіметтік комиссияға ұсынылды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру