Санатталмаған

КӨПІРЛЕР 1 ТӘУЛІКТЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Нәтижесінде, екі өткел толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтің мәлімдеуінше, қайта қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде жүзеге асады.

«Орташа жөндеу жұмыстары тынымсыз жүргізіліп жатыр. Қасқасу елдімекеніндегі шайылған құбырларды қалпына келтіру мақсатында тиісті техникалар жұмылдырылып,материалдар жеткізілді. 4 көпірдің екеуі бір күнде қалпына келтірілді. Тағы бірі реттеліп, жаяу жүргіншілер үшін ашылды. Ертеңге дейін аяктап, көлік жүру үшін ашамыз. Соңғысына қатысты жұмыстар қаржы мәселесінің шешілуін талап етеді. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 техника және 21 жұмысшы жұмылдырылды», – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.

Сонымен қатар Төлеби ауданының Қасқасу, Кенесарық, Қосағаш, Екпінді, Біркөлік, Киелітас, Достық және Леңгір қаласының аумағында орналасқан елді мекендерінде жаңбыр суы жиналғаны анықталды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталған елді мекендерден өтетін аудандық маңызы бар жолдар мен ауыл көшелерінен бөлек, бірқатар облыстық маңызы бар жолдарға да зақым келуде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру