Санатталмаған

КЕЛЕС АУДАНЫНА ТАСҚЫН СУДАН ҚАУІП ЖОҚ

Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан бастау алатын Келес өзені Сарыағаш және Келес аудандары аумағынан өтіп, Сырдария өзеніне құйады. Күні кеше жауған нөсер жаңбырдың нәтижесінде Келес өзенінің арнасына қосымша секундына 50 – 55 куб текше метр су қосылғаны жөнінде тиісті сала мамандарынан хабар келді.
Су арнасынан тасу қауіпін алдын алу мақсатында Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Х.Кеңесов, аудан әкімі аппаратынан С.Жолдыбаев және аудандық су шаруашылығы мекемесінен Ә.Сапаров Келес өзені бойындағы су бөгеттерінде болып, жағдайды бақылауға алды. Аудан аумағындағы Ошақты, Бесабдал және Оймауыт су бөгеттерінің темір қақпалары ашылып, судың еркін өтуіне жағдай жасалды. Келес аудан аумағындағы су бөгеттерінің өткізу қуаттылығы секундына 150 текше метрге есептелген. Мамандар жағдайды жіті бақылауға алған.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру