Санатталмаған

САНИТАРЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРДЫ САҚТАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты апаттың алдын алу бойынша Келес ауданына бөлінген Фердауси елді мекенінің тұрғындары орналасқан 4 эвакуациялық пункттегі азаматтарға, елімізде Төтенше жағдай тоқтатылғанымен Карантиндік режим жалғасатыны жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Тұрғындар мен оқушыларға «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков пен Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ілесов Түркістан облыстық бас санитар дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 бұйрығымен облысымызда енгізілген карантин ережелері таныстырып, санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін түсіндірсе, Фердауси ауылының биі Тиллабой ақсақал азаматтарға жеке гигеналарына аса көңіл бөлуді, бетперде тағып жүру қажеттігін қатаң ескертіп, жатын бөлмеде, ғимарат маңы мен аулада тазалық сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауаптар берілді.
Азаматтар мемлекет және жеке азаматтар тарапынан жан-жақты көрсетіліп жатқан көмектерге алғыстарын білдірді.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру