Санатталмаған

МҮГЕДЕКТІК АНЫҚТАМА МЕРЗІМДЕРІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды.

Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен азаматтардың инфекция жұқтыру қаупін сейілдіру үшін және карантин шараларын сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Жалпы, облыста 94 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар есепке алынған. Барлығы мемлекеттен кепілдендірілген жәрдемақылармен толығымен және уақтылы қамтамасыз етіліп келеді.

Айта кету керек, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл ретте, мүгедектігі бар тұлғалар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдауға мүмкіндік алды. Порталда тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған жағдайда, өз тараптарынан үстінен қосымша төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру