Санатталмаған

ТӨЛЕБИ: ҚОҒАЛЫДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары барысында Екпінді елді мекеніндегі саумалмен емдейтін шипажай құрылысымен танысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Аталған нысан құрылысы 2019 жылдың тамыз айында басталып, 2020 жылдың маусым айында аяқталады. Айта кетері, нысан жұмысы басталғанда 15 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек. Шипажайда 50 адамға саумалмен емделуге барлық жағдайлар жасалатын болады.

Келесі кезекте Бауыржан Бақытұлы Алатау елді мекеніндегі минералды және шырынды сусындар шығаратын цехында болды. Бұл кәсіпорынның күніне 5 литрлік және 10 литрлік бөтелкенің 8000 данасын дайындауға қауһары бар. Дайын өнім сауда үйлері арқылы сатылымға шығарылатын болады. Цех жұмысын бастаған кезде жергілікті көп балалы ата-аналардан 40 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Содан кейін Диханкөл елді мекеніндегі Құдайбақ-Ата ӨК-нің жұмыстарына да шолу жасалды. Аталған кооператив құлпынай, ежевика, малина егіп, күтіп-баптауда. Сонымен қатар, 1 алқаптан 2-3 өнім алу бағытында 5 га жерге ноқат дақылын еккен.

Аудан әкімі келесі кезекте күрделі жөндеуден өтіп жатқан Диханкөл мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Алжа» компаниясы жүргізуде. Қазіргі таңда елді мекеннен 50-ге жуық жұмысшы азаматтар тартылған.

Іс-сапары соңында аудан басшысы Ұзынарық ауылындағы «Жаңа-Ғасыр» шаруа қожалығының егіске қажетті техникаларымен танысты. Нәтижесінде елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру