Санатталмаған

ДҮНГЕН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІ КЕЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегітөтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. Атап айтсақ, 11 тонна ұн,2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5тонна макарон, 1500 литр өсімдік майы,5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі тұз, 1000 қорап шәй және жууға арналған тазалық заттарын қосқанда жалпы 30 тоннаға жуық тауар жеткізілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Осылайша, дүнген этносының өкілдері мақтааралдықтармен бірге екенін дәлелдеп, Мырзашөлдің тез еңсе тіктеуіне тілектес екендерін жеткізді. Керуенді бастап келген Қордай ауданы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс БуларовТұтас Қазақстан жұртшылығы бір халық ретінде жұдырықтай жұмылса, алынбас қамал жоқ екенін айтты.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев қиын кезеңде жанашырлық танытып, ыстық ықыласын ала келген қордайлықтарға алғысын білдірді. Іс-шараны үйлестіріп, ұйымдастырған Түркістан облысы­ Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының өкілдері біртұтас Қазақ елінің бірлігін нығайтатын бастамалар жалғасатынын мәлімдеді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру