Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: 120 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан орталық қоймада 608 тонна азық-түлік жиналған. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға бүгінде оның 126 тоннасы үлестірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Қоймаға күнделікті Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қазіргі таңда қоймада 200 тоннаға жуық ұн, 22 тонна ет, 70 тоннадай көкөніс, сондай-ақ, көрпе-төсек пен киім-кешектер бар.
Бұдан бөлек, жаңадан құрылысы жүретін тұрғын үйлерге қажетті құрылыс материалдары да жинақталды. Атап айтқанда, қоймаға 20 000 дана кірпіш, 100 тонна цемент, 700-ден астам ағаш, 108 қорап гипсокартон, құрылыс ұнтақтары келген. Аталған материалдар Мырзакенттегі бой көтеріп жатқан жаңа мөлтекауданның құрылысына жұмсалады.
Айта кетерлігі, «Біз біргеміз» акциясы аясында Мақтааралға Нұр-сұлтан мен Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарынан және Қазақстан халық Ассамблеясы тарапынан көмектер келді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да атасалысуда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру