Санатталмаған

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ҚАСИЕТТЕРІНІҢ АСЫЛЫ

Мамыр айының басында еліміздің Өзбекстанмен шекаралас соңғы нүктесі – Мақтаарал ауданын су басты. Көршілес Өзбекстан республикасы Сырдария облысындағы «Сардоба» су қоймасы бұзылып мақталы өлкенің біраз елді мекендерін су басты. Мақтааралдағы апатты жағдайдан баспаналары зардап шеккен ауыл тұрғындары көршілес Жетісай ауданына уақытша эвакуацияланып, N8 жалпы орта мектебіне жайғастырылды.
Орын алған оқиғаға байланысты еліміздің түкпір-түкпірінен бүгінде гуманитарлық, материалдық көмектер ағылып келуде.
Елдің бірлігі мен ынтымағы сынға түскен сәтте Ақтөбелік азаматтар да қол қусырып қалмады. Жетісайдан шамамен 3 мың шақырымға жуық қашықтықта орналасқан облыстың қайырымды жандары 27 газельмен көмек жіберген. Негізінен азық-түлікпен қатар киім-кешек пен күнделікті тұтыну, гигиеналық және химиялық заттарды тиеген көліктер эвакуациялық орталыққа жайғастырылған және «ҚАМҚОРЛЫҚ» бағдарламасы аясында әлеуеті әлжуаз отбасыларға қамқорлық көрсетті. Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған жандармен жүздесіп, сабырға шақырды.
«Орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Бәріміз де ауыр қабылдадық. Ең бастысы – адам шығыны жоқ. Соған шүкір. Көршісінің басына күн туғанда барымен бөлісіп, кеудесінен итермеген жетісайлық жұртшылыққа алғысымыз шексіз» дейді ақтөбелік азаматтар.

©Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру