Санатталмаған

КЕЛЕСТЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

Биыл Келес ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүреді. Бұл туралы Келес аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Санжар Амангелдиев мәлімдеді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіен сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Өткен жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығының 23 көшесі жаңаланған болса, биылғы жылға жалпы аталған бағдарлама аясында Келес ауданында 16 көше, оның 12-сі Ақтөбе ауылдық округі, 4-еуі Абай ауылындағы көшелер жөндеуден өтеді. Бұл ретте тек көше құрылысы емес, қосымша абаттандыру жұмыстары яғни, балалар ойын алаңшалары, аяқжол, көшені жарықтандыру жұмыстары қатар жүреді. Тағы қосымша аудандық бюджет есебінен 10 ауылдық округтегі 17 көше биыл жөндеуден өтеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз анықталды. Аталған 16 көшенің 15-ін «QazaqStroyZhol» ЖШС мекемесі ашық конкурстан жеңіп алған. Жеңімпаз мекеменің іс басқарушысы Нұржан Нұрмахановтың мәліметінше алдағы жақын күндері ауданға тиісті техникалары мен жұмысшыларын алып келіп, 3 айдың ішінде жөндеу жұмыстарын сапалы етіп аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Келес ауданында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ағымдағы жылдың ақпан айында құрылып, С.Амангелдиев басшы етіп тағайындалған. Бөлімде 3 мемлекеттік және 4 келісім шарт негізіндегі қызметкерлер жұмыс істеуде. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты аудандағы жол жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, халық игілігіне тапсыру болып міндеттелген.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру