Санатталмаған

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН ШАРУАШЫЛЫҚ

Соңғы уақыттарда Кентау қаласының сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Бүгінде келісі 350-300 теңге аралығына дейін түсті. Бағаның тұрақталуына қалаға қарасты ауылдардағы қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр. Жергілікті халық үшін игілігі мол агрожобалар шетел технологиясымен салынған.

Сондай жылыжайдың иесі Зиядолла Романов. Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Отбасылық кәсіпке айналған шаруақожалықты осыдан 5 жыл бұрын бастаған.

Тынымсыз еңбектің рахатын көрген шаруа жылда жерді ұлғайтып, кәсібін үлкейтіп келеді. Жылына 10-12 мың тонна қияр алып жақын маңдағы елді-мекендерге, қалаларға өткізеді.

Жабық кешен тамшылатып суару әдісімен автоматтандырылған жүйеге қосылған. Ерте көктемде отырғызылған көшеттер бүгінде жемісін беріп жатыр. Жылыжайдан күніне 250 кг өнім жиналып, қаланың сауда орындарына жіберілуде.

«Шығып жатқан өнімімізді төмен бағамен өткізіп жатырмыз. Клиенттерге жеткізу қызметі де қосылған. Отбасылық ісімізге айналған жылыжай шаруашылығын одан әрмен ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 6 гектар жерге қияр, 6 гектар жерге қызанақ егетін боламыз», – дейді шаруа.

Осылайша бір отбасының әлеуетін көтеріп отырған қажырлы еңбек өз жемісін беріп отыр.

© Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру