Басты жаңалықтар

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды

ТАлдыкорган

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаменті криминалды полиция басқармасына қаладағы монша кешендендерінің бірінде әкімші жеңгетайлықпен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Ол бұл қызметі үшін ақша алған. Ал интим қызметті жігіттер көрсеткен.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында ақпарат расталып, криминалды полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы әйелді ұсталған. Ол Талдықорған қаласында тұрған», – делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс барысында әкімші өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық депутат ЖОО-да тегін білім беруді ұсынды

Bastynews

ШОК! Саша Коэнды қолға түсірді (ВИДЕО)

Bastynews

Мамин 2021 жылға тапсырма беріп тастады

Bastynews

Пікір қалдыру