Басты жаңалықтар

50 мың теңгенің кімдерге берілетіні белгілі болды

«Birgemiz» қоры тарапынан берілетін 50 мың теңгенің нақты кімдерге берілетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

«Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз», – деді қор төрағасы.

Сондай-ақ, Р.Сәкеев қазіргі таңда осы бағытта өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын және азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері берілетінін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Карантиге қарамай той өткізген Қуандық Рахым жазаға тартылатын болды

Bastynews

Шымкент: Әке екі баласын жарып жібермек болған

Bastynews

Тоқаев қазақстандықтарды Конституциясы күнімен құттықтады

Bastynews

Пікір қалдыру