Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БІРНЕШЕ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттегі жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтарының құрылысымен танысты, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Мұрат Әйтенов алдымен Арғынбеков көшесінің бойынан салып жатқан 1200 орындық мектептегі құрылыс барысын көрді. Бүгінде «Атамекен корпорациясы» құрылысын жүргізіп жатқан ғимараттың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. 3 гектар жерге орналасқан мектептің құрылысына 1 млрд. 900 млн теңге қарастырылған. Мердігер компания нысанды қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Қала әкімі одан соң Асар-2 шағын ауданында бой көтеріп жатқан 1200 орындық мектепке барды. Іргетасы қаңтар айында қалана бастаған білім ошағы жоспар бойынша желтоқсанда бітуі тиіс. Құрылысты жүргізіп жатқан «МК технострой сервис» компаниясының өкілдері пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай кезінде ғимараттың сыртқы қасбетіне қойылатын керамогранитті Ресейден алдыру қиын болып жатқанын алға тартты.

Қиын тұста көмектесуге әзір екенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы мұндай құрылыс заттарын отандық өнімдерден алуға ұсыныс берді.
Содан кейін қала басшысы Самал-3 шағын ауданындағы №6 емхана маңынан бой көтеріп жатқан мектеп құрылысының барысымен танысты. Құрылысына бюджеттен 2 миллиардқа жуық қаржы бөлінген білім ошағы санаулы күнде дайын болады екен.

Жаңа ғимаратты аралап көрген Мұрат Дүйсенбекұлы мектепті жақын күндері қабылдап, қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайындауды тапсырды.

Биыл Шымкентте 9 мектепті пайдалануға беру көзделіп отыр. Оның үшеуі 1200 орындық жаңа мектеп болса, бесеуі 300 орындық қосымша құрылыс. Тағы біреуі 100 орындық саз мектебі болмақ.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру