Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТТАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AzatMedia.kz.ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 6 БІЛІМ МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТТАР ҚҰРЫЛЫСЫ ІСКЕ АСУДА.

Ауданда халық санының өсуіне және білім алуға жоғары жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, өткен жылдан өтпелі болып Шақпақ-Баба ауылындағы С.Бреусов атындағы мектепке 200 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстары іске асуда.

П.Шевцов және С.Бреусов мектебінің қосымша ғимарат құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Ал қалған төрт нысан 2021 жылға өтпелі.

Айта кетерлік, әр құрылыс алаңдарында карантин режиміне сәйкес құрылысшылардың қауіпсіздігі үшін бетперделер мен дезинфекциялық заттар қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру