Санатталмаған

Түркістан: 500-ден астам заң өкілдері халықаралық жиында бас қосты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті бастамасымен Түркістан облысы әкімдігінің ұйықты болуымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де «Сотқа дейінгі іс жүргізу: шындығы және жетілдіру жолдары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Жиынның негізгі мақсаты – сотқа дейінгі іс жүргізудегі және құқық қолданудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау, халықаралық тәжірибелерді зерттеу, сондай-ақ бірыңғай процессуалдық бастамаларды жүзеге асыру мен тиімді тәсілдерді әзірлеу.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Н.Шабдар, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Ресейдің мемлекеттік Әділет университетінің Қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының доценті А.Кравцова, Түркия елінен TMSF «Savings Depozit Insurance Fund» басшысы Н.Гюнеш, көршілес Өзбекстан еліндегі Ташкент мемлекеттік университетінің доценті С.Муратаев, ҚР Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі, белгілі қорғаушы А.Омарова, ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Қоғамов пен бірқатар заң өкілдері арнайы қатысып, қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің тәртібі туралы орамды ойларын ортаға салды.

500-ден аса заң өкілдері бас қосқан халықаралық жиында Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген уәкілетті органдар менеліміздегі Жоғары Соттың, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері заң аясында диалогтық алаң құрып, үздік тәжірибелерімен ой бөлісті.

Халықаралық конференция барысында Департаменттің бастамасымен түсірілген «1424» фильмі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жас суретшілер арасында өткен сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру