Санатталмаған

Сарыағашта әуесқойлар лигасы -2020 басталды

2020 жыл «Еріктілер жылына» орай Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және ерікті жас, спортшы О.Бастаровтың ұйымдастыруымен аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және достық қарым-қатынас орнату үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіші футболдан әуесқойлар лигасы-2020 ойындары басталды.

Әуесқойлар лигасының салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов пен ерікті жас, спортшы О.Бастаров сөз алып, жарысқа қатысушы барша командаларға сәттілік тілеп, лиганың ашылуымен жастарды құттықтады.


Жастар арасында басталған әуесқойлар лигасына аудандағы қала, кент, ауылдық округтердегі жастардан құралған 18 қоманда қатысуда. Атап айтқанда: «Ақбура», «Қызылту», «Бүркіт жастары», «Ақниет», «Новостройка», «Қапланбек», «Атамекен» «Центр», «Ақжайық», «Көктерек», «Достар», «Еңкес», «Совхоз Қанағат», «Бүркіт», «Бірлік», «Дербісек», «Алғабас», «ГЦВП» командалары өз ара сынға түсетін болады. Лигада 17 тур, жалпы 153 ойын болып, сәуір айына дейін жалғасады. Әр турдың ең үздік ойыншысы анықталып, марапатталуда. Кіші футбол ойындары аяқталған соң, үлкен футболдан да әуесқойлар лигасын ұйымдастыру жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру