Басты жаңалықтар

Джо Байден президентті «Путиннің күшігі» деп атады

АҚШ-та демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Джо Байден қазіргі президентті «Путиннің күшігі» деп айтты, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ол CBS News телеарнасының тікелей эфирінде өткен бірінші пікірсайыс барысында айтқан. Ал Дональд Трамп Джо Байденді Ресейдегі ең бай әйел саналатын Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужковтың жесірі Елена Батуринадан ақша алды деп айыптады. Байден мұның бәрі жала екенін жеткізді.

Бұған дейін Байден салық декларациясын жариялап, Трампты да солай істеуге шақырған болатын. Байден мен Трамптың алғашқы пікірсайысы 29 қыркүйекте Огайо штатының Кливленд қаласындағы Кейс Вестерн Ризерв университетінің мәжіліс залында өтті. АҚШ президенттігіне үміткерлердің екінші пікірсайысы 15 қазанда Флорида штатының Майами қаласында, үшіншісі Теннесси штатының Нашвилл қаласында өтеді. АҚШ президентінің сайлауы 3 қарашада болады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы көлемi өсті

Bastynews

Жігіттерді күштеп көшеден әкетіп жатыр: «Ер адамдарды соғысқа жинап жатыр»

Bastynews

«Бойында күші, кеудесінде жүрегі бар жастардың біразы үш әріп боп сүмелеңдеп жүр» – журналист

Bastynews

Пікір қалдыру