Санатталмаған

АРДАГЕР АТАЛАР МЕН АПАЛАРЫМЫЗ ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін Ордабасы ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Атап айтқанда, Ордабасы аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен уақ мал құрбандыққа шалынып, тиісті санаттағы тұрғындарға үйлестірілді. Бұдан бөлек, аудандағы мешіт жамағаты да 2 ірі қара мал еті мен 21 қап ұн, 500 дана бетпердені тұрмысы төмен 42 отбасыға таратып берді.

«Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі мен бірлестік жанынан құрылған «Қажы аналар» қауымдастығының ұйымдастыруымен, ауыл округі әйелдер кеңесі төрайымдарының қатысуымен ауданның көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін әйелдерге, яғни «Темірлан аббаттандыру» МКК-ның 32 қызметкеріне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік пакеттері берілді.

Қайырымдылық халқымыздың қанында бар асыл қасиеттердің бірі. Сондықтан да жүрегі жомарт азаматтардың арқасында бұл шара өз жалғасын алдағы уақытта да табатыны сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру