Санатталмаған

КЕЗ КЕЛГЕН КЕЛУШІ ҒИМАРАТҚА ТОННЕЛЬ АРҚЫЛЫ ӨТЕДІ

AzatMedia.kz. Түркістан облысындағы Түлкібас, Жетісай аудандары мен Кентау қаласында халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылуда. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол. Яғни, кез келген келуші ғимаратқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өтеді.

Айталық, дәл осындай қондырғылар Түлкібас ауданындағы 10 мекеменің кіреберісіне осыдан екі апта бұрын орнатылған болатын. Яғни, «ҚазПошта»,» Халық банкі», халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі ғимараттарында және Шақпақ бекетінде жұмыс істеп тұр. Аталған залалсыздандыру қондырғыларын аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті мамандар қолдан құрастырып шыққан.

Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығы бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашылып, барлық қатерлі микробты өлтіре алады. Осындай кешендер алдағы уақытта басқа да аудан- қалалардағы медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылмақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру