Санатталмаған

Шымкент: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекс талқыланды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен жиында қоғамдық денсаулықты сақтау, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясат жайы көтерілді.
Сонымен қатар қоғам қайраткерлері қайтыс болған ҚР азаматтарының органдары мен тіндерін шетелге шығару мүмкіндігі мен қайтыс болған адамның органдарын алуға келісім беру сынды мәселелерді талқылауға ұсынды.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депататы Н.Б. Әлтаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Садыр, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, түрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар жаңа кодекстің жобасын талқылады:

Талқылау қорытындысы бойынша жиналғандар Кодекс жобасы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары үшін бірқатар оң өзгерістер алып келеді және одан әрі келісу барысында барлық тиісті нормалар сақталатын болсын деген ортақ пікірге келді.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру