Санатталмаған

Өмірзақ Шөкеев шын мәнінде көмекке зәру жандарды қолдауды міндеттеді

Облыс әкімі көмекке зәру отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнен басқа да қолдау көрсетуді жетілдірудің тиімді тетіктерін табуды жүктеді. Әрбір аудан мен ауыл басшыларын ондай азаматтармен жеке жұмыс жасауды міндеттеді. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте қаралды. Әкімдердің ел алдында есеп беру тәртібінің өзгергенін еске салған аймақ басшысы, алда өтетін мұндай жиындарға ескертпей келетінін ескертті.

«Халықтың шын пейілінен шыққан алғыстан асқан баға жоқ. Осыны ұмытпаңыздар. Әр істі барынша беріліп істегенде ғана нәтижеге жетуге болады. Қөзбояушылыққа жол жоқ. Мен ешкімге қолдан келмейтін тапсырма жүктемеймін. Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық салада ауыз толтырып айтар жетістіктер бар. Бірақ мұнымен тоқтауға болмас. Алдымызда мұнан да зор, мұнан да биік міндеттер тұр»,- деді Өмірзақ Естайұлы.

Биыл да Түркістан мен Кентау қалаларын дамытуға басымдылық берілмек. Әлеуметтік сала – басты назарда. Халықты ауыз сумен, газбен, жарық пен сапалы жылумен қамтамасыз ету әрі қарай жалғасын таппақ. Тас жолдардың төселуі, жөнделуі, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру, абаттандыру, суландыру жұмыстары – облыс басшысының қатаң бақылуында. Жиында Түркістан шаһарын жасыл желекке бөлеу бойынша жоспарланған ағаш отырғызу жұмыстарын наурыз айында толық бітіру жүктелді.

Қалада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Алдағы уақытта олардың қатары көбеймек. Облыс әкімі жаңа баспаналардың қолжетімді болуын, үйлі болуға ұмтылған азаматтарға жан – жақты мүмкіндік қарастыруды, сондай-ақ баспана беруде барлық сала өкілдерін толық қамтуды міндеттеді.

Жиында Түркістан қаласындағы әуежай мен онда барар жолдың құрылысына қатысты соңғы мәліметтер айтылды. 100-ден астам техника мен 300-ден астам жұмысшы жұмылдырылған құрылыс алаңында жұмыс қызуда. Халықаралық әуежай жыл соңында қолданысқа беріледі. Түркістаннан 16 шақырым қашықтықта орналасқан 900 гектар жерге әуежай салуды түріктердің «Yda Insaat group» компаниясы мойнына алды. Жаңа нысан халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынып жатыр. Терминал жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсете алады.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру