Санатталмаған

Microsoft 14 қаңтардан бастап Windows 7 операциялық жүйесін қолдауын тоқтатады

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені «жеті» енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, – деп хабарлайды РИА Новости. «Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы – қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», – деді Microsoft баспасөз қызметі. Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер үшін жеңіл олжа болып қалу қаупі бар. Сондықтан әзірлеуші оны жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді.  Сондай-ақ, қолдаланушылар құрылғысы заманауи талаптарға сай болмаса, оларды жаңартуы қажет. «Windows 7-де шыққан заманауи емес құрылғыларды, яғни, мораль тұрғысынан ескірген девайстарды жаңартақн кезде олардың өнімділігі төмендетуі мүмкін», – деп қосты Microsoft баспасөз қызметіндегілер.  Сонымен қатар, компания өкілдері ескірген құрылғылар Windows 10-ның негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдамайтынын айтты, олар: биометриялық датчиктер, қауіпсіз жүктеу құралдары, аппараттық виртуализацияны қолдайтын процессорлар және басқа да аппараттық компоненттер. «Windows Hello көпфакторлы аутентификация платформасым техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін пайдалануға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру