Санатталмаған

Жетісайда танымал спортшылар студент жастармен кездесті

Бүгін Жетісай медициналық колледжінің студент жастары джиу-джитсудан Азия чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері жетісайлық саңлақ Ерғали Сәрсенбековпен кездесті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық Жастар ресрурстық орталығының ұйтқы болуымен өткен кездесуде еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген балуан замандастарына салауатты өмір салтын ұстану, спортқа бет бұру туралы әңгіме өрбітті. Әлемдік бәсекеде бағы жанып жүрген жерлесіміз осы спорт түріне қалай келді, қандай қиындықтардан өтті, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып жастарды өз елінің патриоты болуға үндеді.
Еркін форматтағы жүздесуге 100-ден астам студент қатысты. Айта кетейік, Ерғали Сәрсенбеков 1993 жылы 4 сәуірде Түркістан облысы Жетісай ауданы Көрікті ауылында дүниеге келген. Ол джиу-джитсумен 2010 жылдан бері айналысып келеді. Ерғали 2015 жылы Қырғызстан жастар арасындағы турнирде топ жарып, король партері медалінің иегері атанды. Биыл Азия чемпионатында 71 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізсе, 70 келі салмақта Әлем біріншілігінің қола жүлдесін иемденген. Кездесу соңында Ерғали Сәрсенбеков студент жастармен естелікке суретке түсті.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру